Облыс әкімі ақын Серік Ақсұңқарұлын мерейтойымен құттықтады
Көрнекті ақын, Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері Серік Ақсұңқарұлын 75 жасқа толып отыр. Еңбек сіңірген қайраткерді облыс әкімдігінде мерейтойымен құттықтады. Өңір әкімі Ермағанбет Бөлекпаев мерейтой иесінің ел мәдениетінің дамуына қосқан елеулі үлесі үшін алғыс білдірді.

– Сіз көрнекті ақынсыз, құрметті азаматсыз. Дарыныңызбен қазақ әдебиетіне зор үлес қосып келесіз. Сіздің шығармаларыңыз жастайыңыздан жоғары бағаланып, оқырмандардың ыстық ықыласына бөленді. Сіз көп жылдар бойы Қазақстан Жазушылар одағының Қарағанды облыстық филиалын басқардыңыз. Сарыарқаның дарынды ақындарын бір арнаға біріктіру жас жазушыларға үлгі болды, – деді Ермағанбет Бөлекпаев.
Аймақ басшысы мерейтой иесіне зор денсаулық пен бақ-береке тіледі.
Ақынның еңбегі мен талантын өңірдегі әріптестері де атап өтті.
– Ақын өз халқынсыз өмір сүре алмайды. Мен облысымызда қоғамымыздың өзекті мәселелерін көтеретін дарынды жазушылардың көп екеніне қуаныштымын. Халық мәдениетті жоғары бағалайды. Халқыма менің шығармашылығымды қолдағаны және құрметтегені үшін ризамын, – деп алғысын білдірді Серік Ақсұңқарұлы.
Қазақ ақыны Серік Ақсұңқарұлы Ақтоғай ауданының Қызыларай ауылының тумасы. Алғашқы өлеңдерін мектеп жасында жазған. Қарағанды мемлекеттік университетін бітіргеннен кейін газеттерде еңбек етті. Қазақстан Жазушылар одағының, Абай халықаралық клубының мүшесі. 15 кітаптың авторы, үш томнан құралған таңдаулы шығармалар жинағы жарық көрген. Серік Ақсұңқарұлы аудармашы ретінде де танымал: қазақ тілді оқырмандар үшін ол Александр Пушкин, Анна Ахматова, Марина Цветаева, Евгений Евтушенко, Назым Хикмет және т. б. өлеңдерін аударған. Өз кезегінде оның өлеңдері орыс, украин, түрік, қырғыз, әзірбайжан, моңғол және испан тілдеріне аударылған.
Серік Ақсұңқарұлының кейбір шығармалары әлемнің негізгі алты тіліне аударылған қазақ поэзиясының антологиясына енді.
Қазіргі уақытта ақын жеті томдық шығармалардың толық жинағын жариялауға дайындап жатыр.
Серік Ақсұңқарұлының көптеген марапаттары мен сыйлықтары бар. Ол Қарағанды, Ақтоғай және Қарқаралы аудандарының құрметті азаматы.