Ресми

Облыс әкімі Ақтоғай ауданына жұмыс сапарымен барды

Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев Ақтоғай ауданының тұрғындарымен кездесті. Ауыл тұрғындары өздерін толғандыратын сұрақтарын еркін микрофон форматында қою мүмкіндігіне ие болды. Ақтоғайлықтар тозған электр желілеріне, жолдардың нашарлығына және көмір бағасының қымбаттауына шағымданды. Сондай-ақ, тұрғындар ауданда орталық кітапхана мен мұражайға бөлек ғимараттар бөлуді сұрады.

Мұндай кездесулерде айтылған тұрғындардың проблемалық мәселелері назардан тыс қалмайды. Біртіндеп олар өз шешімін табады.

Мәселен, осыған дейін ветстанцияға сұраныс болған еді. Биыл Ақтоғайда мал емдеу мекемесі салынды. Жануарларға арналған арнайы дәрі-дәрмектерді сақтауға және мал дертін диагностикалауға арналған бөлмелер бар.

Сондай-ақ, аудандық орталық аурухананың күрделі жөндеуі аяқталып, инфекциялық блокты қайта жаңартуға кірісті. Жергілікті тұрғындар ауруханада жұқпалы аурулар бөлімін құруды сұрады. Ауданда осындай бөлімнің болмауы салдарынан науқастарды облыс орталығына тасымалдауға тура келеді.

– Аурухана Ақтоғай ауданының 10 мыңнан астам тұрғынына қызмет көрсетеді. Оның жанында емхана бар, жақын арада инфекциялық бөлімше пайда болады, – дейді Ақтоғай ауданының әкімі Салтанат Әбеуова.

– Биыл біз аудан дәрігерлері үшін жол талғамайтын көлік пен санитарлық машиналар сатып алдық. Аудандық аурухана үшін екі функционалды акушерлік төсек, кеңселік техника сатып алынды.

Шашубай кентіндегі дәрігерлік амбулатория да күрделі жөндеуден өтті.

Аудан тұрғындарын қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету үшін Шашубай кентінде 100 пәтерлік бес қабатты үй қалпына келтіріле бастады. Жұмыстарды келесі жылы аяқтау жоспарлануда.

«Ауыл – ел бесігі» жобасы бойынша Сарышағанның төрт көшесінде орамішілік жолдарға орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Ақтоғай ауылынан Балқаш – Ақтоғай – Ақсу-Аюлы жолының 16 шақырымы және Ақтоғай – Балқаш тас жолының 7 шақырымы жөнделді.

2023 жылы Ақтоғайдан Ақсу-Аюлыға дейінгі 60 шақырым жолды ретке келтіру жоспарлануда. Сонымен қатар, биыл Ақтоғай-Шылым-Ақжарық аудандық маңызы бар автожолына орташа жөндеу жұмыстары басталды. Ол аудан орталығымен жеті елді мекенді байланыстырады. Келесі жылы жолдың 20 шақырымын асфальттау жоспарлануда.

Ауданда мектептердің материалдық-техникалық базасын жақсартуға да көңіл бөлінеді. Бір жыл ішінде 11 мектепке арналған 11 модификациялық кабинет құрылды. Бұл физика, химия, биология және STEM зертханаларының заманауи пәндік кабинеттері. Күрделі жөндеу бір мектепте жүргізілді, тағы бесеуі ағымдағы жөндеумен қамтылды.

«Ауылдық жердегі тірек мектептердің әлеуетін дамыту» жобасы аясында демеушілік қаражат есебінен К. Байсейітова атындағы тірек мектебінің 24 пәндік кабинеті жаңғыртылды. Оқу орнында STEM-зертхана, ART-студия, жабдықталған шеберханалар пайда болды.

Ауданда мәдениетті дамытуға да көңіл бөлінеді. Мәселен, Құсақ ауылында клубқа күрделі жөндеу жүргізіліп, Нүркен ауылында саябақ қайта жаңартылды. Сондай-ақ, «Тоқырауын толқындары» ансамблі үшін шағын автобус сатып алынды. Бұл туралы ұжым атынан облыс әкімімен өткен кездесуде тұрғындар сұраған болатын. Сондай-ақ, ауылдық клубтарға арналған 59 ұлттық аспап пен дыбыс жазу студиясы сатып алынды.

– Бүгін айтылған барлық сұрақтарды бақылауға алынады. Әрқайсысы бойынша бөлек жұмыс жасалады. Мен бәріне құлағдармын. Келесі жолы келгенде атқарылған жұмыстар туралы есеп береміз, – деді Ермағанбет Бөлекпаев.

Халықпен кездесуден кейін өңір басшысы азаматтармен жеке қабылдау өткізді.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Басқа материалдар

Back to top button