Ресми

Облыс әкімдігінде мемлекеттік қызметтегі құқық пен міндет туралы кеңес өтті

Қарағанды облысының әкімдігінде мемлекеттік қызметшілердің құқықтары мен міндеттері жөнінде семинар-кеңес өтті. Оған ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының басшысы Бақтияр Макеев, облыс әкімі аппараты басшысының м.а. Бақтияр Айешов, облыс әкімдігінің Әдеп жөніндегі уәкілі Қорлан Бекімова қатысты.

Суреттер: облыс әкімдігінің баспасөз қызметі

Қатысушыларға мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнаманың, ҚР мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің нормалары түсіндірілді. Әлеуметтік кепілдіктерді қамтамасыз ету мәселелері назардан тыс қалған жоқ.

Бақтияр Макеев еңбек тәртібін сақтау қажеттігін атап өтті. Семинарда мемлекеттік қызметшілердің икемді жұмыс кестесін ұсыну мүмкіндіктері туралы еске салынды.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің департаменті мемлекеттік органдарда жұмыс уақыты режимінің сақталуына тұрақты мониторинг жүргізеді.

Материалды әзірлеген Аида РАХЫМҚҰЛОВА

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button