Жаңалықтар

Облыс әкімдігі мен “Қазақмыс” корпорациясы өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Ермек Алпысов пен “Kazakhmys Holding” ЖШС ESG жобасының жетекшісі Сәкен Шаяхметов өңір әкімдігі мен “Қазақмыс” компаниялар тобы арасындағы өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. “Қазақмыс” корпорациясы” ЖШС Қарағанды облысында 15 жобаны жүзеге асыруға көмектеседі.

Суретті түсірген: Жангелді ӘБДІҒАЛЫМ

Меморандум мақсаты – “Қазақмыс” корпорациясы қатысатын қалалар мен аудандардың инфрақұрылымы мен абаттандырылуын дамытуда тараптардың өзара қолдауы мен белсенді ынтымақтастығын қамтамасыз ету.

Келісім аясында таяу жылдары Балқаш қаласында бас кәріз коллекторының 2,1км авариялық учаскесіне жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады, емхана ғимаратын балабақша ретінде қайта жаңарту жұмыстары да басталады. Урбанистика орталығымен бірлесіп қаланы абаттандыру жобалары іске асырылып, жаңа стационарлық жазғы сахна орнатылмақ.

Сондай-ақ, “Қазақмыс” корпорациясының қаржыландыруы есебінен Балқаш қаласының тіршілікті қамтамасыз ету желілерінің кейбір жобаларының жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленетін болады.

Компания сонымен қатар Қарқаралы ауданы Абыз ауылының мектебін жөндеуге қолдау көрсетпек. Ал Ақтау кентінде бес қабатты екі үйдің шатыры жөнделеді.

Меморандумда “Қазақмыс” қатысатын басқа да жобалар көрсетілген.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,

ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button