Облыс бойынша 637 дауыс беру учаскесі жұмыс істейді
Бүгін, 15 наурыз күні ел бойынша референдум өтуде. Дауыс беру учаскелері таңғы сағат жетіде ашылды. Қазір біз Қарағанды облыстық референдум комиссиясындамыз.

Облыс бойынша 637 дауыс беру учаскесі жұмыс істейді. Барлығы 757 мыңнан астам азамат тіркелген. Мамандардың айтуынша, барлық учаскелер уақытында ашылып, дауыс беру процесі қалыпты режимде өтіп жатыр.
Референдум алдында тұрғындар өздерінің дауыс беру учаскесін арнайы электронды сервис арқылы анықтай алды. Қажетті ақпарат Senim109 бірыңғай байланыс орталығы арқылы да ұсынылды.
Айта кетейік, бүгін тұрғындардың ыңғайы үшін облыс бойынша қоғамдық көлікте жол жүру тегін. Референдумға 18 жасқа толған Қазақстан азаматтары қатыса алады. Әр азаматтың таңдауы – ел болашағы үшін маңызды.
Материалды әзірлеген Аяулым СОВЕТ



