Жаңалықтар

Облыс бойынша 297 328 адам санақтан өтті

Қарағанды облысында 24 қыркүйек сағат 08-00-дегі жағдайы бойынша 297 328 адам онлайн режимде халық санағынан өтті.

Қарағанды облысында ағымдағы жылғы 24 қыркүйек сағат 08-00-дегі жағдайы бойынша 297 328 адам онлайн режиминде халық санағынан өтті. Облыс халқының жалпы санына қатысты қамту пайызы 21,6%-ды құрайды.

Облыс аймақтары бойынша Ұлытау ауданы көшбасшы. Онда 38,6% халық интернет-сауалнамадан өтті. Сонымен қатар, жоғарғы пайыз Нұра (38,2%) және Қарқаралы (31,3%) аудандарында қамтамсыз етілген.

Шет ауданында және Теміртау қаласында ең төмен қамтылғаны белгіленді, онлайн санақтан өткендер сәйкесінше 17,6% және 18,1% халық саналды.

Басқа материалдар

Back to top button