Облыс бойынша 288 оқушы үздік атанды
Қарағанды өңіріндегі ауыл мектептерінің оқушылары арасында өткен республикалық пәндік олимпиаданың облыстық кезеңіне 7 ауданнан жалпы шамамен 700 оқушы қатысты. Оның ішінде 288 оқушы жүлдегер атанып, республикалық кезеңге қатысу құқығын алды.

Бұл олимпиада – Қазақстан Республикасының Білім-ағарту министрлігінің бастамасымен үшінші жыл қатарынан өткізіліп келеді. Оның мақсаты – ауылдық жерлердегі қабілетті, білімді оқушыларды анықтап, қолдау көрсету.

Олимпиадаға тек ауылдық мәртебесі бар мектептер қатысқан: бұл мектептер арасындағы тең мүмкіндікті қамтамасыз етеді және балалардың білім деңгейін әділ бағалауға мүмкіндік береді.

Марапаттау рәсімінде:
· Жаратылыстану-математика бағытындағы бірінші орынды – Абай ауданы, екінші орынды – Шет ауданы, үшінші орынды – Қарқаралы ауданы;
· Гуманитарлық бағытта бірінші орынды – Абай ауданы, екінші – Ақтоғай ауданы, үшінші – Осакаров ауданы жеңіп алды.

Сонымен қатар, «Үздік жетекші» номинациясы бойынша үздік педагогтар анықталып, оларға 500 000 теңге көлеміндегі сертификаттар табысталды.

Ал «Үздік ауыл мектебі» номинациясымен табыс-марапатталған мектептер IT-кабинеттерін жабдықтау үшін 20 млн теңгеге сертификат алды:
I орын – Абай ауданының Б. Момышұлы атындағы тірек мектебі, II орын – Шет ауданының Ы. Алтынсарин атындағы интернаты, III орындар – Абай және Нұра аудандарының мектептері.
Жамал АКПАРОВА



