Жаңалықтар

Облыстың бас имамы ақсақалдармен бас қосты

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының тапсырмасымен «Ислам және дәстүр құндылығы» жылы аясында Қарағанды облысының бас имамы Естай Айтуғанұлы мешіт ақсақалдарымен бас қосты.

Суреттер: www.ihsan.kz

Ұрпақ тәрбиесінің қайнар көзі болған қазыналы қариялар бас қосқан жиынға өңірге қарасты ақсақалдар алқасының мүшелері және мешіттің жергілікті жамағаты қатысты.

Жиында облыс имамы ақсақалдардың қоғамдағы мәртебесі жөнінде айта келе: «Өнегелі ұрпақ тәрбиесі мен қоғам жастарына насихат айтып, қазыналы қария сөзімен елді ауызбіршілік пен тұтастыққа тәрбиелейтін   ақсақалдардың қоғамдағы алар орны маңызды», – деп ақсақалдардың қоғамдағы орнын айрықша атап өтті.

«Әнет баба» мешіті жанындағы қазақы киіз үйде жайылған ақ дастархан басында қазыналы қарттар да өздерінің өнегелі әңгімелерін өрбітіп, тағылымға толы насихаттары мен ізгі ойларын ортаға салды.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button