Жаңалықтар

Облыс аумағында рұқсат етілмеген қоқыс айлақтары көбейген

Облыстық экология департаментінің мамандары облыстық полиция департаментінің мамандарымен бірлесе рейдтік іс-шара өткізді. Шара барысында заңды және жеке тұлғалардың облыс аумағында қоқыстарды рұқсат етілмеген жерде төгу фактілерін және қоқыс айлақтарының көбейгенін анықтаған.

– Департамент ҚР Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексінің 344 және 505-баптары бойынша қолданыстағы әкімшілік жауапкершілік туралы ескертеді. Жоғарыда аталған заңнаманы бұзған жағдайда заңды және жеке тұлғаларға 50-ден 300 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл салынады. Тұрғындарды қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауға шақырамыз, – деді облыстық экология департаментінің басшысы Дархан Исжанов.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Back to top button