Қарағанды облысында ауа райы тұрақсыздығы әлі де сақталуда. Осыған байланысты көлік қозғалысы 20 жол учаскесінде тоқтатылды. Жабылған тасжолдарда 250-ге жуық адам мен көлік жиналған.
Сағат 15.00-дегі жағдай бойынша республикалық маңызы бар автожолдардың 41 учаскесінде және облыстық маңызы бар автожолдардың 9 учаскесінде автокөліктің барлық түрлері үшін қозғалыс жабық.
Сондай-ақ, облыстық төтенше жағдайлар департаменті қазіргі уақытта автожолдардың жабық учаскелерінде 248 адам, 69 көлік, атап айтқанда 14 жүк, 53 жеңіл және 2 қоғамдық көлік жинақталғанын айтады.
Аида РАХЫМҚҰЛОВА,
Ortalyq.kz