Қарағанды

Оқытушыға – лайықты марапат

       Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің 12 оқытушысы «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағының иегерлері атанды.

      Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, үміткерлердің 35 пайызының ғылыми-педагогикалық еңбек өтілі 15 жылдан аспайтын оқытушыларды құрады. Бұдан басқа, оқытушылардың қызметі сапалық және сандық көрсеткіштері бойынша бағаланды. Соның ішінде, оқулықтарды, монографияларды, оқу құралдарын ағылшын тілінде әзірлеу, қатысу және басып шығару; кәсіби қызметі бойынша шет тіліндегі жаппай ашық онлайн курстардың платформасы базасында курстан табысты өткені туралы сертификаттары ескерілген.

      Сондай-ақ, алғаш рет үміткерлердің барлық жұмыстарының жылдық жоспары назарға алынды.

     Айта кеткен жөн, айтулы конкурс өткелі бері Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің 139 оқытушысы «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағының иегерлері атанды. Бұл грант жоғары оқу орындарының оқытушыларына әлемнің жетекші университеттерінде ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге және біліктілікті арттыру мақсатында тағылымдамадан өтуге мүмкіндік береді.

Аяулым СОВЕТ

 

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button