Жаңалықтар
Қоқысқа толы шағын аудан
Облыстық экология департаменті рейд ұймдастырды. Рейд барысында Қарағанды қаласындағы 30-шағын аудан, яғни, Гапеев көшесіндегі рұқсат етілмеген жердегі қоқыс аймақтарын тексерді.

Нәтижесінде, аталмыш шағын аудандағы гараж маңынан тұрмыстық қатты қалдықтардың рұқсат етілмеген жерге төгілгені анықталды. Қазіргі таңда департамент тарапынан тиісті шаралар қабылданып, жергілікті атқарушы органдарға хат жолданды.
Аида РАХЫМҚҰЛОВА,
Ortalyq.kz