АймақБұқар жырау

Оқырмандар оқитын ұлтқа айналады

Республикалық “Оқитын ұлт” жобасы аясында Ғабиден Мұстафин кентінің көпшілік кітапханасында оқырмандардың пікір алмасуы болды.

Суреттер Ғабиден Мұстафин кентінің кітапханасынан

Шара барысында майдангер жазушы Бауыржан Момышұлының “Ұшқан ұя” повесінің мазмұны мен мәні айтылып, автордың өмірі мен шығармашылығы туралы қысқаша деректер ұсынылып, повеске талдау жасалынды.

Бұл талдауға қатысқан кенттегі Токаревка тірек мектебінің оқушысы Айару Мартбек шығармадағы Момыш ақсақалға сипаттама беріп,оның жақсы қасиеттеріне тоқталды. Ал тағы бір оқушы Кәусар Дулгэнқызы автордың әжесінен алған тәлім-тәрбиесін сөз етіп, оқырмандарға Бесік жырынан үзіндіні жатқа айтып берді. Келесі оқушы Аида Қоғабаева кітаптан үзінді оқыды. Олар осылайша жоғарыдағы повестер алған әсерлерімен бөлісіп, оны оқып шығуды ұсынды.

Аталған мектептің кітапханашысы Айман Аймұхамедова Бауыржан Момышұлы өмірінен елеулі оқиғаларды келтіріп, оны мақтан тұтып, одан үлгі алуға шақырды.

Талдау сұрақтары негізінде пікірталас ұйымдастырылып, шығармадағы нақыл сөздер сараланды. Тақырыпқа сай жасалған көрме таныстырылып, оқырмандарға буклеттер таратылды.

Ержан ИМАШ,
Бұқар жырау ауданы

Басқа материалдар

Back to top button