АймақҚарағанды

Оқырман хаты: «Жолдың жайын жүрген білер»

Республикадағы автожолдар сапасының жай-күйі — өзекті мәселелердің бірі. «Қарағанды-Балқаш-Алматы» тасжолының құрылысы 2017 жылдан бері жүріп жатыр.

«Қарағанды–Балқаш–Алматы» автожолына күрделі жөндеу жүргізіп, автобан салу үшін күреп тастаған еді. Содан бері халықтан көптеген шағым түсті. Әрине, күрелген әрі айналмасы көп жол жолаушыны да, көлікті де шаршатпай қоймасы анық. Содан бері арада жыл өтті. Қазір аталған бағыттағы жолдың тек бір бағыты ғана ашылған. Ал, екіншісі ашылуға – жақын. «Жолдың жайын жүрген білер» деген сөзді дана халық текке айтпаса керек. Жол сапасының жақсарғанын және шақырымы қысқарғанын айтып, редакцияға Нұрпейіс есімді оқырманнан арнайы видеожолдау келіп түсті. Сол видеоны қаз-қалпында өздеріңізге ұсынып отырмыз…

Видео авторы бейнежазбада Алматыға бет алғандығын айтады. Және жолдың ашылғанын әрі жолаушылар үшін арнайы жасалған аялдамалардың сапасы жөнінде сөз етеді. Сонымен қатар, «Жолдың сапасын сынаушы едік. Қазір керемет болып тұр» деп сөзін түйіндеген.

Материалды әзірлеген Аида РАХЫМҚҰЛОВА

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button