Білім

Оқушылармен ой бөлісті

Саран қаласының әкімі Дарын Бұлқайыр осындағы мектептер оқушыларының президенттерімен және белсенділерімен кездесіп, пікірлесіп, ой бөлісті.

Суреттер облыс әкімдігінің сайтынан

Ашық та кең диалог түрінде өткен бұл жүздесуде оқушылар өз идеяларын ортаға салды. Мәселен, олардың қала басындағы кәсіпорындарға экскурсия жасап, байқау жариялап, оның жеңімпазы бір күн қала әкімі болуы керектігі Дарын Бұлқайырға ұнап, сол бойынша байқаудың талаптары мен ережелері әзірленетін болды.
Ал, қала кәсіпорындарына экскурсия бұрын да жасалып келгенін, енді оған бүгін де еш бөгет болмайтынын айтқан қала әкімі өз кезегінде жоғары сынып оқушыларына кәсіпқой мамандармен кездесіп, әңгімелерін тыңдауды ұсынды.
Бұл олардың келешек мамандықтарын таңдауына бағыт-бағдар беретіні анық. Мұндай басқосуларды жазғы демалыс кезінде өткізу ұйғарылды.
Сол сияқты кездесуде оқушылар қалалық «Саран газеті» базасында оқушыларға арналған газет ашу туралы да ойларын айтты.

Ержан ИМАШ,
«Ortalyq Qazaqstan»

САРАН

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button