Бас тақырыпЖағымды жаңалықРуханият

Оқушылар оза шапты

Биыл 9-шы рет өткізілген «Ақберен» республикалық өнер байқауы өз мәресіне жетті. 1800-ден астам білім алушы қатысқан байқауда 36 оқушы жүлделі орындарға ие болды. Жеңімпаздар арасында қарағандылық оқушылар да бар

Сурет ұйымдастырушылардан

Оқушылар шешендік өнер, эссе жазу, халық аспаптарында ойнау, өлең оқу номинациялары бойынша сынға түсті. Жас өрендер суырыпсалма ақын ретінде өнерлерін паш етті. – «Ақберен» еліміздің ең шығармашыл, талантты балалардың басын қосатын маңызды шара. Қатысушылар саны жыл сайын артып келеді. 2021 жылы байқауға 94 оқушы қатысса, биыл 130 оқушы республикалық кезеңге өтті, – деді Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Шолпан Каринова. Жүлдегерлер арасында «Шешендік өнер» номинациясы бойынша Қарағанды қаласы Абай атындағы мектеп-гимназиясының 9-сынып оқушысы Еркежан Қаныш ІІ орынға ие болды.

– Байқауға екі ай бойы дайындалдық. Біз қатысқан номинация ең қиын болды деп айтуға болады, өйткені біз Майқы биден бастап, бүгінгі күнге дейін шешендік өнерді зерттедік, талдап-таразыладық. Тек шығармаларды жаттап қана қоймай, жүзден астам танымал би-шешендердің өмірі мен шығармашылығы туралы мағлұматпен тереңірек таныстық. Біздің номинация бойынша 20-ға жуық бала қатысып, солардың арасынан оқушым Еркежан Қаныш ІІ орынға ие болды, – деді Абай атындағы мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Жанкелді Кенжебайұлы.

Сондай-ақ, республикалық байқауда Қарағанды қаласының №61 жалпы білім беретін мектебінің 8-сынып оқушысы Нұрғасыр Изат «Көркемсөз» номинациясы бойынша ІІІ орын алды.

Гүлнұр СЕРІКЖАНҚЫЗЫ,

Ortalyq.кz

Басқа материалдар

Back to top button