Бас тақырып

Оқушылар көктемгі каникулда қанша күн демалады?

ІІІ тоқсанның аяқталуына бір апта қалды. Оқу-ағарту министрлігі каникулдар кестесіне сәйкес, көктемгі каникулды 21 наурыз бен 31 наурыз (қоса алғанда) аралығына бекітті. Яғни, көктемгі демалыс 11 күнге созылады, деп хабарлайды Ortalyq.kz informburo.kz сайтына сілтеме жасап.

Сурет: оқу-ағарту министрлігінен

IV оқу тоқсаны 1 сәуір – дүйсенбі күні басталады. IV тоқсан 8 оқу аптасын құрайды.

Еске салайық, 2024 жылдың наурыз айында қазақстандықтар 14 күн демалады. 21-23 наурыз – Наурыз мейрамы. 23 наурыз сенбіге сәйкес келеді. Сондықтан демалыс күні 25 наурызға ауыстырылды. Сәйкесінше, Наурыз мерекесінде қазақстандықтар 5 күн қатарынан демалады.

Биыл оқу жылының соңғы күні – 25 мамыр. Мектеп оқушылар 26 мамырдан бастап үш айға созылатын жазғы каникулға шығады.

Материалды әзірлеген Ербол ЕРБОЛАТ.

Басқа материалдар

Back to top button