Оқушылар ғарышкерлермен кездесуге мүмкіндік алады
Болашақта мектеп оқушылары әлемнің әр түпкірінен жиналған ғарышкерлермен кездесіп, қолтаңбасын алу мүмкіндігіне ие болады. Бұл – «ЭКСПО-2017» көрмесінің архитектуралық символына айналған көрме кешенінің орталық нысаны «Нұр әлем» сферасының жетінші – «Ғарыш энергиясы» қабатында жүзеге асырылатын болады.

Қарағандыға арнайы іссапармен келген Қазақстан Туристік Ассоциациясының президенті Роза Асанова Қазақстан Республикасының Ұлттық ғарыш агенттігімен келіссөздер жүргізу үстінде екенін айтты. Сондай-ақ, Роза Абдышахитқызы физика, биология, тарих, герография, химия, туризм және өзге де пәндер бойынша «Kids Future Enerdgy» және «Students Future Enerdgy» аясында ашық сабақтар өткізу тиімділігіне де тоқталды.
Айта кету керек, «Экспо-2017» Халықаралық көрмесіне қатысушылардың басым бөлігін Қарағанды облысының оқушылары құраған.
Салтанат ИЛЬЯШОВА,
«Орталық Қазақстан»