АймақЖаңалықтарРесми

Оқушыларға жаңа автобус қолданысқа берілді

Облыстағы ауыл мектептерінің автопаркі жаңартылды. Биыл 121 шалғай елді-мекеннен балаларды мектепке дейін жеткізу үшін 27 жаңа автобус сатып алынды, деп хабарлайды Ortalyq.кz gov.kz сайтына сілтеме жасап.

Автобустар Саран қаласындағы автобус зауытында құрастырылған. Көлік барлық қауіпсіздік талаптарына сай. Есіктері ашық тұрған кезде қозғалысты бұғаттау механизмі, маяктар және ерекше қажеттілігі бар балаларға арналған пандустар бар. Автобустарда сағатына 60 шақырымға дейінгі жылдамдықты шектеу жүйесі қарастырылған, орындықтар қауіпсіздік белдіктерімен жабдықталған. Сонымен қатар мектеп рюкзактарына арналған арнайы сөрелер бар.

Өңірде жаңа мектептер салынуда. Қарқаралы және Бұқар жырау ауданданында апатты жағдайда тұрған мектептің орнына жаңа екі мектеп салынады. Үш жылдың ішінде облыста 22 мектеп салынбақ. Оның 16-сы – «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында.

Өңірде ерекше балаларға білім берудің қолжетімділігі де артып келеді. Биыл бес арнайы ұйым ашылды. Аутизмге шалдыққан балаларды қолдайтын алғашқы орталық іске қосылды.

Басқа материалдар

Back to top button