Бас тақырып

Оқушы оқушыны оқытады

Қарағанды қаласының отбасын қолдау орталығында көпбалалы, қамқоршысы жоқ, аз қамтылған отбасылардан шыққан оқушыларға тегін қосымша сабақтар өткізетін жоба басталды. «Білім-инновация» лицей-интернаты мен Н.Нұрмақов атындағы мамандырылған мектеп-интернатының дарынды балаларынан құралған Peer to peer еріктілер тобы тегін репетитор болады.

Сурет облыс әкімдігінің сайтынан

Жобаны ұйымдастырушылар №2 «Бі­лім-Инновация» лицей-интернатының 10 сынып оқушылары – Дарина Аданова, Адина Абсадыкова.

– Жобаның мақсаты – инклюзивті отбасылардан шыққан балаларға білім беру мүмкіндіктерін жақсарту жолында қолдау көрсету. Peer to peer – «оқушы – оқушыға, дос – дос­қа» деген мағынаны білдіреді. Қазақстанның барлық өңірлерінде білім беруді жақсартуға, әлеуметтік мәртебесіне қарамастан қосымша білімді қолжетімді етуге көмектесетін жоба, – деді Адина Абсадыкова.

Сабақтар онлайн форматта 1 айдан аса өткізіледі. Қазір жобада 120-дан аса ерікті жұмыс істеп жатыр. Олардың көпшілігі еліміздің әр өңірінде оқитын мықты оқушылар.

Қарағанды қаласынан 50 ерікті-оқытушы өз білімімен бөліседі. Жоба қатысушылары жақын арада оффлайн сабақтар басталатынын да мәлімдеді. Әзірге еріктілер білім алғысы келетіндерді тіркеп, ата-аналарға семинар өткізуде.

– Біз 1-10 сынып оқушыларына математика, қазақ тілі, физика, химия, ағылшын тілі және тағы басқа пәндер бойынша сабақ өткіземіз. Жобаға тіркелу үшін ата-ана мен балаға сауалнама жіберіледі. Сауалнама арқылы оқушының қанша уақыт және қандай пәнді тереңдетіп оқығысы келетінін анықтаймыз, – дейді еріктілер.

Peer to peer командасы ықылас білді­рушілерді еріктілер қатарына қабылдауға дайын. Еріктілерге волонтерлік жобаға қатысқаны туралы сертификат, түрлі номинация­лар, қосымша сыйлықтар беріледі.

Ділназ БЕКМОЛЛА,
Е.Бөкетов атындағы зерттеу университеті журналистика бөлімінің ІІІ курс студенті.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button