Жаңалықтар

Оқу үлгерімі төмендеген

Елімізде балаларының үлгерімі төмендегені туралы ата-аналар дабыл қағуда. Пандемия жағдайында қашықтан оқу оқушылардың І тоқсандағы қорытынды бағаларының төмен болуына себеп болған.

Білім министрлігінің айтуынша, өткен жылдың осы уақытымен салыстырғанда білім сапасы 1,8%-ға көтерілген. Дегенмен, пандемияға дейінгі деңгейден 2,7%-ға төмендеген. Оқушылардың мұндай көрсеткіш көрсетуіне бастауыштан жоғарғы сыныпқа көшуінің де ықпалы болуы мүмкін екендігін атап өтті.

Әрине, оқу процесіндегі басты қиындық қашықтан оқу болып отыр. Көзбен көріп, құлақпен естігеннің пайдасы әлдеқайда зор. Балам 5-сыныпқа көшті. Осыған дейін оқу озаты болған. І тоқсанның қорытындысымен бір пәннен 3-ке шықты. Әрине, мұндай жайттар өте көп. Бұл баланың психологиясына ғана әсер етіп қоймай, ата-аналардың да алаңдаушылығын тудырып отыр. Сондай-ақ, жаңадан қосылған, алгебра, химия, физика, геометрия пәндерін өткен жылы онлайн оқыды. Биылғы дәстүрлі оқу процесінде жалғастырып алып кету оңай болып жатқан жоқ, – дейді ата-ана Гүлнар Рақымжанова.

Ата-аналардың алаңдаушылығын тудырған мәселені шешуде мектептерде қосымша сағаттарды ұйымдастырудың маңызы зор. Репетитор жалдауға кез келген ата-ананың қалтасы көтере бермесі анық.

Сағыныш ӘБІЛ. 

Басқа материалдар

Back to top button