Жаңалықтар

Оқу-ағарту министрі Темірғали Көкетаевтың отбасына көңіл айтты

Сурет жеке мұрағаттан

Көкетаевтар отбасына!

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің атынан ұлт жанашыры, ірі қоғам қайраткері, ХХ ғасыр ғұламасы Темірғали Әбілдаұлының дүниеден озуына байланысты қайғыларыңызға ортақтасып, көңіл айтамын.

Темірғали Әбілдаұлы еліміздегі білім мен ғылым саласының дамуына өлшеусіз үлес қосқан асыл ардагер еді. Жоғары оқу орындарында, ғылыми ортада қызмет атқара жүріп, көптеген игі істерге ұйытқы бола білді, халыққа шынайы қызмет етті. Адамгершілік қасиеттерімен, өнегелі өмірімен соңына өшпес із қалдырды.
Қадірлі ағамыздың иманы жолдас болсын! Оның есімі әріптестері мен дос-жарандарының, шәкірттерінің жүрегінде мәңгілік сақталары анық. Елге жасаған еселі қызметін ұрпақтары ұмытпай, үлгі-өнегесін айта жүреді деп сенемін.
Марқұмның жатқан жері жайлы, топырағы торқа болсын!

Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрі
Ғани БЕЙСЕМБАЕВ

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button