Ресми

Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов қызметінен босатылды

Асхат Аймағамбетовтің оқу-ағарту министрі қызметінен босатылғаны белгілі болды. Оның орнына Ғани Бейсембаев тағайындалды.

Коллаж: turantimes.kz сайтынан

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі болып Марат Қарабаев тағайындалды. Бұған дейін аталған министрлікті басқарған Қайырбек Өскенбаев қызметінен босатылды.

Зүлфия Сүлейменова экология, геология және табиғи ресурстар министрі болып тағайындалды. Ол 4 қаңтарда қызметінен босатылған Серікқали Брекешовті алмастырды.

Ғалымжан Қойшыбаев премьер-министрдің орынбасары – үкімет аппарат жетекшісі болды.

Дәурен Абаев мәдениет және спорт министрі қызметінен босап, оның орнына Асхат Оралов тағайындалды. Оралов 2022 жылдың ақпанынан бері биліктің «Amanat» партиясының атқарушы хатшысы болған.

Бұдан бөлек, Азамат Есқараев әділет министрі болып тағайындалды. Қаңтар оқиғасынан кейін әділет министрі болып тағайындалған Серік Мусин өткен аптада бұл қызметтен босатылып, жаңадан құрылған конституциялық соттың судьясы болып тағайындалған еді.

Басқа материалдар

Back to top button