Қоғамдық штаб құрылды

«Nur Otan» партиясының Қарағанды облыстық филиалында 9 маусымда өтетін Президент сай- лауында партиядан сайлауға түскен үміткерді қолдауға арналған облыстық қоғамдық штаб құрылды. Штаб үгіт-насихат жұмыстарын 11-мамыр күні, сағат 18:30-да бастайтын болады.

Құрылған қоғамдық штабтың негізгі міндеті – Қазақстан Республикасы Президенттігіне үміткер Қасым-Жомарт Тоқаевты сайлау науқаны кезінде қолдау, оның сайлауалды бағдарламасын түсіндіру бойынша насихат жұмыстарын жүргізу.

Штаб құрамында облыстағы танымал және белсенді азаматтар – мемлекеттік мекеме, қоғамдық ұйым, этномәдени орталықтар өкілдері бар.

Сонымен қатар, мобильді үгіттік топ құрылған, топ құрамындағы белсенділер 11 мамырдан басталатын үгіт-насихат шараларына қатысады.

Бұдан бөлек, штаб құрылымында Қоғамдық қабылдау бөлмесі жұмыс жасайды. Кандидаттың сенімді өкілдері тұрғындарды жеке мәселелер бойынша қабылдап, түскен ұсыныстар мен тілек- тер негізінде қоғамдық пікір мониторингін жүргізеді.

Сондай-ақ, ҚР Президентігіне үміткер Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен «Бірге» жалпыұлт- тық акциясы бастау алады. Акция аясында «Абзал» сауда үйінің, Достық үйінің алдында және Майқұдықта палаткалар құрылып, халықтың талап-тілектері қабылданады. Кейін олар үміткердің сайлауалды бағдарламасына енгізіледі. Кейін олардың барлығы үміткердің сайлауалды бағдарла- масына енгізіледі, жеңіске жеткен жағдайда осы мәселелер жан-жақты қарастырылып, шешімін та- батын болады. Осы кезеңде «Nur Otan» партиясы атынан және партия атынан ешқандай қайырымдылық жұмыстары жүргізілмейді.

Салтанат ІЛИЯШ.