Жаңалықтар

Қоғамдық кеңес құрылды

Теміртауда облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы Қоғамдық келісім кеңесінің аумақтық форумы өтті. Этномәдени бірлестіктер, ардагерлер мен металлургиялық комбинат қызметкерлерін біріктірген Қоғамдық келісім кеңесі құрылды.

Сөйтіп, «АрселорМиттал Теміртау» АҚ жанынан құрылған Қазақстан халқы Ассамблеясының Қоғамдық келісім кеңесі Теміртауда өз жұмысын бастады.
Қоғамдық келісім кеңесі мемлекеттің және қоғам дамуының стратегиялық мақсаттарын орындау, тұрақтылықты нығайту мақсатында жұмыс істейді. Халықтар арасындағы бірлікті насихаттайды.
Айта кеткен жөн, Теміртаудағы «Достық үйі» осыдан төрт жыл бұрын ашылған болатын. Қаржылық және идеологиялық қолдау болмағандықтан, мекеме уақытша жұмысын тоқтатқан. Кейін ҚХА Қоғамдық келісім кеңесін металлургиялық зауыт аясында қалпына келтіру жөнінде шешім қабылданды. Бұл ұсыныс «АрселорМиттал Теміртау» АҚ аясындағы қала мен өңір басшылары тарапынан қолдау тапты. «Достық үйінің» тұсаукесеріне кафедра меңгерушілері, металлургиялық өндіріс ардагерлері, этномәдени бірлестіктердің басшылары, «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының өкілдері жиналды.
– Еліміздің ірі кәсіпорындарында Қазақстан халқы Ассамблеясының Қоғамдық келісім кеңесін құру жөніндегі Елбасының тікелей тапсырмасы орындалған тарихи оқиғаның куәгері болдық. Қоғамдық кеңестің көпұлтты дәстүрлерді нығайтатын ортаға айналатынына сенімдімін, – деді «АрселорМиттал Теміртау» АҚ жанындағы «Нұр Отан» партиясы филиалының төрағасы Әлібек Алпысбаев.
Сондай-ақ, агломераттар өндірісінің директоры Сергей Былинкин «Жоба халықты ортақ мүддеге жұмылдыруға әрі біздің компаниямыз мен қаланы дамыту үшін қажет. Осылайша, балаларымыздың болашағына негіз қалаймыз», – деп атап өтті.
Кездесу барысында Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы қызметіне «АрселорМиттал Теміртау» АҚ атқарушы директоры Вадим Басин сайланды. Алдағы уақытта «Достық үйінің» жоспарын талқылайтын жұмыс тобы құрылмақ.

Аяулым Совет.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button