АймақЖаңалықтар

Қоғамдық көлік пен микроавтобус соқтығысып, тоғыз адам зардап шекті

Кеше Қарағандыда жолаушылар автобусының қатысуымен ауыр жол апаты болып, 9 адам зардап шекті.

Суреттер: sortirovka_official

Қарағанды облысының полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, N118 жолаушылар автобусы мен “Kia Carnival” шағын автобусы соқтығысқан. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы қаланың медициналық мекемелеріне жедел жәрдем көлігімен барлығы 9 адам жеткізілгенін мәлімдеді.

– Аталмыш жол көлік оқиғасынан 9 адам зардап шекті. Олардың барлығы медициналық мекемелерге жеткізіліп, тексеруден өтті. Оның ішінде жағдайы қанағаттанарлық 5 адам амбулаторлық ем алуға шығарылды. 1 науқас Теміржол ауруханасының травматология бөліміне жатқызылды, жағдайы орташа ауыр. Х.Мақажанов атындағы көпсалалы аурухананың ЛОР бөліміне 1 науқас жеткізілді, жағдайы орташа ауыр. 1 бала облыстық балалар клиникалық ауруханасына жатқызылды, жағдайы орташа ауыр. Тағы 1 науқас №1 көпсалалы ауруханаға жеткізілді, оның жағдайы ауыр деп бағаланып, жансақтау бөліміне жатқызылды, – деді денсаулық сақтау басқармасының мамандары.

Полиция оқиғаға қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады.

– Факті полицияда тіркелді. Тиісті сараптамалар тағайындалды, оның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады, – деп түсіндірді Қарағанды облысының полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button