Қоғамда әділетті әрі қолайлы орта қалыптастыру – Конституцияның басты мақсаты
Парламент Сенатының депутаты Әлішер Сатвалдиев атап өткендей, елдің негізгі құжаты – Конституцияның басты мақсаты қоғамда әділетті әрі қолайлы орта қалыптастыру. Оның айтуынша, қолданыстағы Конституцияда негізгі қағидаттар белгіленген болса, жаңа Конституция жобасында бұл бағыттағы нормалар толық әрі нақты қамтылған.

Депутаттың сөзінше, құжатта қоғамның барлық санаты үшін тең мүмкіндіктер жасауға ерекше мән берілген. Атап айтқанда, жаңа нормалар әйелдер, жастар және мүмкіндігі шектеулі азаматтардың өмір сапасын арттыруға бағытталған.
Сонымен қатар, бастама елдегі әлеуметтік тұрақтылықты нығайтуға және әр азамат үшін қолайлы өмір сүру жағдайын қамтамасыз етуге негіз болады. Бұл бағыттағы жұмыстар Қазақстан Парламенті Сенаты деңгейінде жүйелі түрде қарастырылып келеді.
Материалды әзірлеген Аяулым СОВЕТ



