Ресми

Қоғам өмірінің айнасы

11-желтоқсаннан Nur Otan партиясының Қарағанды облыстық сайлауалды штабында халықтың үнін тыңдайтын қоғамдық қабылдау бөлмесі құрылды. Осындай қоғамдық қабылдау бөлмелері облыстың қалалары мен аудандарындағы барлық сайлауалды штабтарында жұмыс істеуде.

Үстіміздегі жылдың 11 желтоқсанынан бастап, Nur Otan партиясының партиялық тізіміне енгізілген кандидаттар, сондай-ақ, партияның сенімді өкілдері азаматтарды жеке сұрақтары бойынша қабылдауды, сонымен қатар онлайн форматта қабылдауды 2021 жылдың 8 қаңтарына дейін жүргізеді.

Осы уақытқа дейін, Қарағанды облысы Nur Otan партиясының сайлауалды штабының қоғамдық қабылдау бөлмелерінде партиялық тізімге енген кандидаттар мен партияның сенімді адамдары 393 қабылдау өткізіп, 1875 азаматтың сұраныстары мен өтініштерін тыңдады.

Біздің облыс тұрғындарының көкейіндегі негізгі мәселелер – әлеуметтік қамсыздандыру, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері, сондай-ақ, мемлекеттік тұрғын үй қорынан баспана бөлу мәселесі.

Кездесуге өтініш білдіргендердің барлығына «Қазақстан Республикасының сайлау туралы» Заңы, сондай-ақ, Nur Otan партиясының сайлауалды бағдарламасы жан-жақты түсіндіріледі.

Өз тілшімізден.

Материалдың жариялану ақысы Nur Otan партиясының

Қарағанды облыстық филиалының сайлау қорынан төленді.

Басқа материалдар

Back to top button