ДенсаулықСәтбаев

Оңалту орталығы – балаларға

Сәтбаевта қала әкімі Асқар ЫДЫРЫСОВТЫҢ бастамасымен және пәрменді қолдауымен мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған оңалту орталығы ашылды. Оған ұйытқы болған Алмаз ҚЫДЫРБЕКОВ басқаратын «Нығымет» мүгедектер қоғамы» қоғамдық бірлестігі.

Алматы медициналық колледжін бұдан жеті жыл бұрын массаж жасаушы мамандығы бойынша бітірген Алмаз жанарының кемістігінен ІІ топтағы мүгедек болғанына қарамастан кеншілер қаласында массаж кабинетін ашуды қолға алған. Содан кейін мүгедектер қоғамдық бірлестігінің базасында арнайы курс ашты. Мүмкіндігі шектеулі балаларға үйінде әлеуметтік қызмет көрсете бастады. Ал, 2018 жылы қалада тұңғыш рет шағын орталық ашуға бел буды. Енді, міне, сол игі қадам мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған оңалту орталығына айналып отыр. Онда балалар емдік массаж, инетерапия алады. Тәжірибелі мамандар ем-домға қажетті құрал-жабдықтармен жарақталған кабинеттерде әр балаға жеке қамқорлықпен қарайды. Оңалту орталығында мүмкіндігі шектеулі балалардың күн ұзақ алаңсыз уақыт өткізуіне барлық жағдай жасалған.

– Қырық балаға арналған бұл орталықты өзіндік ерекшелігі бар балабақша десек артық емес. Әр бала бақытты болуға лайық. Хакім Абай атамыз: «Адамның адамшылығы істі бастағанынан білінеді» деген. Расында, бүгінгі игі бастама үлкен сауапты іс деп айтар едім. Бұл ұядай ғимарат бүлдіршіндерге де, ата-аналарға да зор қуаныш сыйлағанына куә болып тұрмыз. Кішкентайлардың көзіндегі үміт оты, шексіз қуанышы біздің басты мақсат орындалғанын көрсетеді. Бұл – жүйелі жоспарлы жұмыстың жемісі. Осы орайда, «Нығмет» мүгедектер қоғамы» қоғамдық бірлестігіне көпшіліктің алғысын жеткізгім келеді, – деді орталықтың ашылу салтанатында қала басшысы Асқар Ыдырыов.

Балалар үшін кедергісіз орта құруға көмек көрсеткендерге ризашылығын білдірген қалалық мәслихат хатшысы Татьяна Хмилярчук мүмкіндігі шектеулі балаларды оңалту орталығына депутаттық корпус атынан сыйлық тапсырды.

Әлібек ӘДБІРАШ.

СӘТБАЕВ қаласы.  

Басқа материалдар

Back to top button