ЖаңалықтарМәселе

«Оңайың» оңай болмай тұр

Қарағандыда қала маңындағы маршруттарда 1 ақпаннан бастап ONAY! төлем жүйесі іске қосылып, жол ақысы екі есе арзандағанын бұған дейін жазған едік. Жаңа төлем жүйесінің енгізілгеніне қарамастан жолаушылар бұл жүйеге наразылықтарын білдіруде.

Жаңа төлем жүйесі іске қосылғанға дейін қала маңына қатынайтын автобус билеттері кассада сатылып келді. Ал, ONAY! төлем картасы қолданысқа енгелі жағдай тіптен күрделенген.

– Күнде таңертең Теміртаудан Қарағандыға жұмысқа келемін. Жүретін автобус саны – өте аз. Жол ақысы екі есе арзандағандықтан, такси қызметіне жүгінетіндер саны күрт азайды. Теміртаудан шыққан автобус 5-ші аялдамаға жетпей, лық толып қалады. Бұған дейін жүргізушілер салон толып тұрса да барлық аялдамаға тоқтап, елді алып кететін. Қазір, басқа  аялдамаларда тұрған жолаушыларға тоқтамайды. Сондай-ақ, қала маңына қатынайтын маршруттарға билет автобус орындығының санына қарай сатылатын. Қазір ондай жоқ. Елдің бәрі таң атпай Теміртау автовокзалында, кешкісін Қарағанды автовокзалында  жиналып, салонды лық толтырып тастайды. Тіпті, ауа жетпей есінен танып қалғандар да бар. Мекеме басшылары автобус интервалы 15 минут дейді. Алайда, аялдамаларға уақытында келіп жүрген автобустарды көріп жүргенім жоқ, – дейді Арман есімді жолаушы.

Оrtalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button