Бас тақырыпБасты тақырыпРуханият

Қарағандыдағы кітапханада «Абай жолы» роман-эпопеясының алғашқы нұсқасы сақталған

Қалалық кітапханаларда өткен ғасырдың көзіндей ескі кітаптар бар. Олардың құны қанша уақыт өтсе де түспейтіні анық. Кітапты бағалайтын оқырманның көз қуанышындай жәдігер М.Әуезов атындағы қалалық кітапханада сақталған. Кітапхананың сөресінде қазақтың заңғар жазушысы Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясының алғашқы нұсқаларының бірі сақталған.

Сурет автордан

Анықтап айтқанда, бұл кітап «Абай жолы» емес, «Абай» деп аталған. Мұқабасында «Абай» романы деп жазылған. Хакімнің ғұмыр жолын баяндаған роман-эпопеяның алғашқы нұсқаларының бірі 1945 жылы жарық көрген. Мұқабасы қазақтың ою-өрнегімен безендірілген. Орыс тіліндегі аудармасы. Кітап жақсы сақталған. Парақтары да жыр­тылмаған.
Кітапханашылардың айтуынша, бұл қазынаны кітапхананың тұрақты оқырманы қорға тапсырған.
Қазір кітап кітапхана сөресінде тұр. Жалғыз данасы болғандықтан, оқырман қолына берілмейді. Абай Құнанбайұлының 180 жылдығы қарсаңында ұйымдастырылған мәдени шаралар аясында кітап көрмесіне қойылып, жұрт назарына ұсынылды.

Ерік НАРЫН,
«Ortalyq Qazaqstan»

Басқа материалдар

Back to top button