Ресми

Nur Otan – нақты істердің партиясы

Қарағанды облыстық Nur Otan партиясының сайлауалды штабында азаматтармен қабылдау өткіздім және бағдарламамен таныстырдым. Бағдарлама аясында кәсіпорындарды қайта жаңғырту, агро-өнеркәсіптік салаға екпін беретінін жеткіздім.

Кәсіпкерлерге қаржылай қолдау көрсетеді. 150 мыңға жуық жұмыс орны ашылады. 30 мың отбасын тұрғын үймен қамтылу көзделуде. Медицина саласы бойынша 42 нысан жаңадан салынады.

Білім саласында да ауқымды жобалар іске асырылады. Қала мен ауылдарға газ тартылады. Бизнес ашуға жастарға арналған мемлекеттік гранттар бөлінеді. 10 мыңнан астам жастар жұмыспен қамтылады. Туризмге арналған жаңадан 10 нысан салынады. Жасыл экономикада ірі бірнеше жоба іске асырылады. Көптеген жол жаңадан салынып, жөндеуден өтеді. Nur Otan – нақты істердің партиясы.

Әрбір салада атқарылатын сайлауалды бағдарламасы барынша насихатталуда.

Қабылдауға келген қала тұрғындары Nur Otan партиясын қолдайтынын жеткізді. Партияға сенетіндерін айтып, болашақ үшін атқарылып жатқан істерге сәттілік тіледі.

Меруеш БАШАЙ,

Nur Otan партиясының сенімді өкілі.

Материалдың жариялану ақысы Nur Otan партиясының

Қарағанды облыстық филиалының сайлау қорынан төленді.

Басқа материалдар

Back to top button