Спорт

Әбдірахманов – әлем чемпионы

Ауыр атлетикадан Албанияның Дуррес қаласында өткен Әлем чемпионатында қарағандылық Никита Әбдірахманов абсолютті әлем чемпионы атанды. Сонымен қатар, облыс атынан қатысқан Дарья Балабаюк те чемпионаттың қола жүлдесін жеңіп алды.

Әлемдік додаға 54 елден 500-ден астам спортшы қатысқан. Никита 102 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде – 369 келі көтеріп, қарсыластарын шаң қаптырды. Ол жұлқа көтеруден – 164 келі, серпе көтеруден – 205 келіні бағындырды.

Дарья Балабаюк те керемет нәтиже көрсетіп, қолаға қол жеткізді. Ол өткен жылы жасөспірімдер мен қыздар арасындағы әлем чемпионатында серпе көтеруден – ІІІ орын, Азия біріншілігінде жұлқа көтеруден ІІІ орын иеленген болатын.

Ербол ЕРБОЛАТ,

Оrtalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button