Бас тақырыпБасты тақырып

«Әнет баба» мешітінің шатырына 34 млн теңге жұмсалды

Қарағандыдағы облыстық «Әнет баба» мешітінің шатыры күрделі жөндеуден өтіп, 34 000 000 теңге қаражат жұмсалды.

Сурет Museum Karaganda

Ауқымды жұмыс «Polymer service» қызметтік компаниясының қолдауымен жүзеге асып, сапалы «АTTIКKA» құрылыс материялдары қолданылды.

Айта кетейік, облыстық бас мешіттің шатыры үлкен және кіші бөліктен тұрады. Соның ішінде үлкен шатыр толықтай жаңартылып, күрделі жөндеуді қажет еткен төрт мұнара қайта қалпына келтірілді. Жөндеу жұмыстары аяқталған соң шатырдың сапасын тексеру мақсатында жасалған сынақ оң нәтиже көрсетті.

Облыстық «Әнет баба» мешіті 2011 жылдан бері жамағатқа қызмет етіп келеді.

Аяулым СОВЕТ

Басқа материалдар

Back to top button