Несіпбек Айтұлына арналған мүшәйра: Серік Ақсұңқарұлы биік тұғырдан көрінді
Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Несіпбек Айтұлының 75 жылдық мерейтойына арналған «Бостандық жырының бозжорғасы» атты республикалық ақындар мүшәйрасында «Абай» атындағы мемлекеттік сыйлықтың иегері, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Серік Ақсұңқарұлы топ жарды. II орын талантты ақын, халыаралық «Шабыт» фестивалінің лауреаты Мирас Асанға бұйырды.

Бас жүлде қазақтың талантты ақыны Мұрат Шаймаранға да беріліпті. I орында Ұларбек Нұрғалым мен Наурызбек Шарша тұр. II Елена Әбдіхалықова мен Бауыржан Игіліктің және жерлесіміз Мирас Асанның қанжығасында. Жүлделі III орын Қабиден Қуанышбайұлы мен Ахат Расулда жәнеҒылымнұр Кәдірбай мен Әсел Оспанда. Тағы алты ақынға ынталантыру сыйлықтары берілген.
Жүлдегерлерге қомақты қаржылай сыйлық табысталды. Ынталандыру сыйлығын алғандар да құр қалған жоқ.
Серік Ақсұңқарұлы Несіпбек Айтұлын көзі тірісінде классик ақын деп мойындап, қадірлей білді. Екеуі де әдебиеттің байтағына соны арна салған адуынды, өз ғасырында жарқыраған таланттар. Несіпбек Айтұлы атындағы айтулы жүлдені Серік Ақсұңқарұлының алуы – заңды құбылыс.
Ерік НАРЫН
«Ortalyq Qazaqstan»



