Жаңалықтар

Өнерпаздың сырлы әлемі

Амал күні мерекесінде «90 жылдыққа – 90 кездесу» жобасы аясында М. Әуезов атындағы орталық қалалық кітапханада ҚР Мәдениет және театр қайраткері, жазушы-драматург, режиссер, ақын, сазгер, өнер зерттеушісі Аманолла Шайбековпен кездесу өтті.

Суреттерді түсірген автор

Кездесуге Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі – Кеңес Жұмабеков, Шет ауданының кұрметті азаматы – Әділ Бакиров, Қазақстан ауыл шаруашылығы саласының үздігі, Қаркаралы ауданының Құрметті азаматы Ниханбай Омарханов сөз алып, естеліктерімен бөлісті.

– Өнерге нағыз берілгендер азайып барады. Аманолла Шайбеков тоқырау жылдарында руханиятымыздың бір пұшпағы – халық театрын көтеруде ерлікке бергісіз еңбек сіңірді. Өнер саласында, әсіресе, ауыл мәдениетін көтеруде Аманолла секілді азаматтардың орны ерек. Аудан, ауылдарды аралап жүріп, Ақтоғайға жол түскенде Әлжаппар Әбішевтің «Найзағай» романы желісі бойынша Аманолла жетекшілік еткен қойылым ерекше әсер етті. Мәдиді ойнаған әртістің шеберлігі есімнен кетпейді, – деді Кеңес Жұмабеков.

Аманолла Шайбеков қонақтарға 50-ге тарта әні кіріктірілген «Айға айналған махаббат» әндер жинағын тарту етті.

– Аманолла Шайбеков сахна тілін, шеберлікті, режиссураны үйрететін бірнеше кітаптардың авторы. Еңбектері театр өнеріне бейім, көпшілік тарапынан қолдау тауып, республикаға насихатталуы тиіс, – деді мәдениет қайраткері Дунай Еспаев.

Аяулым СОВЕТ,

ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button