ЖаңалықтарРесми

Өнеркәсіп саласындағы активтер мемлекет меншігіне қайтарылмақ

Үкіметте премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен Экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды Оrtalyq.kzprimeminister.kz сайтына сілтеме жасап.

Онда ауыр өнеркәсіп саласындағы активтерді мемлекет меншігіне қайтару және жүк т/ж қызметтерін көрсетудің жекелеген салаларын демонополизациялау жөніндегі шаралар талқыланды.

Премьер-министр қорытынды шешімдер қабылдау үшін жауапты мемлекеттік органдар еліміздің экономикалық мүддесін ескере отырып, отырыста айтылған ұсыныстарды қосымша пысықтауы қажет екенін атап өтті.

– Мемлекет басшысы бізден байыпты және әділ шешімдер күтеді. Қарастырылып отырған әрбір жағдай бойынша нақты нәтижелер қажет. Осы орайда әріптестерімізден Комиссияның шешімдерін белгіленген мерзімде сапалы түрде пысықтауды қамтамасыз етуді сұраймын, – деді премьер-министр.

Сонымен қатар, қатысушылар Комиссияның биылғы шешімдерінің орындалуы туралы есепті тыңдады. 25 отырыстың қорытындысы бойынша 124 тапсырма берілген, оның 93-і орындалды, қалғаны орындалу сатысында.

Басқа материалдар

Back to top button