АймақБұқар жырау

Өнер ордасы мен саңлақтарына арналған ауызша журнал

Ғабиден Мұстафин кентінің көпшілік кітапханасында Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық театры ашылуының 100, Күй анасы Дина Нұрпейісованың туғанына 165, сахна саңлағы Сәбит Оразбаевқа 90 жыл толуына арналған ауызша журнал өткізілді.

Суреттер ұйымдастырушылардан

Кітапхана қызметкерлерінің оқырмандармен өткізген ауызша журналы 3 беттен тұрып, оның алғашқы бетінде шымылдығын 1926 жылы тұңғыш рет Мұхтар Әуезовтің “Еңлік-Кебек” драмасымен ашқан театр тарихы сөз болып, ғасырлық жетістіктері мен халықаралық сахнадағы беделі баяндалды. Келесі бетте қазақ сахнасының майталманы Сәбит Оразбаевтің өмір жолы мен шығармашылық еңбегі айтылып, оның жас буын актерлерді тәрбиелеудегі ұстаздық тәлімі қамтылды. Ал соңғы 3-бетте Күй анасы атанған Дина Нұрпейісованың Құрманғазы дәстүрін жалғастырып, өзінен кейін “Бұлбұл”, “Әсем қоңыр” сияқты қаншама күйлерді қалдырғаны мен олардың тарихы қозғалды.

Шараны қорытындылау кезінде сұрақ-жауап викторинасы ұйымдастырылып, Динаның “Науысқы” күйі тыңдалып, осы тақырыптарға арналған көрмеге шолу жасалды.

Ержан ИМАШ,
Бұқар жырау ауданы

Басқа материалдар

Back to top button