Абай

Өнер мектебінде – өрелі кеш

   Абай ауданына қарасты Дубовка елді мекенінде «Юнеско» клубы  өнер мектебінің эстрада-вокал сыныбының  оқушылары Азаттық мерекесі қарсаңында «Тәуелсіздік – ұлттың ұлы қазынасы» атты мерекелік концерт өткізді.

Өнер мектебі директорының қызметін атқарушы, ауыл депутаты Татьяна Титовскаяның қолдауымен өткен шараға қатысушы өнерпаз қонақтар да аз болмады. Өз кезегінде ауыл әкімі Серікқазы Әбдүлкәрімов жүрекжарды лебізін білдіріп, қатысушыларды мерекелерімен құттықтады.

Концерт Әнұранмен басталып, күмбірлеген күйге, жан тебірентер жырға, әуелеген әнге ұласты. Әр шырқалған әнді мектеп хореографы Бақыт Емершинаның «Достар» би ансамблі әсем бимен әрлеп, сахна сәнін келтірді. Өзіммен қатар кеш жүргізген шәкіртім, қазіргі уақытта Тәттімбет өнер колледжінің эстрада бөлімінің 1-ші курс студенті Гүлнұр Ержанованың болғанын да айта кеткен жөн.

Сондай-ақ, жалпы білім беру мектебінің ұстазы Алтын Оспанова, Тәттімбет өнер колледжінің эстрада-вокал бөлімінің ұстазы Гүлзар Әбдуәлиева, Бұқар жырау ауданының дәстүрлі ән бөлімінің ұстазы Қуаныш Дүйсенбеков сынды азаматтар шәкірттер өнеріне өз бағаларын берді. Өз кезегінде әжелер мен ата-аналар қауымы да ыстық ықыластарын жеткізді.

Шырқалған ән, жырланған өлең көрерменнің көңілінен шығып, қатысушылар ерекше сезіммен тарқасты.

Рауан АХМЕТОВ,

вокал сыныбының

жетекшісі.

АБАЙ ауданы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button