Ресми
Негізгі құндылықтар – қорғаныс, сенім және әділдік – Дания Еспаева
«Ақжол» партиясының өкілі Дания Еспаева «Жаңа Конституция – жаңа мүмкіндіктер» атты партияаралық дебатта сөз сөйледі. Оның айтуынша, жаңа конституциялық нормаға сәйкес мемлекет кәсіпкердің бизнесі мен меншігін қорғауға міндетті. Яғни кәсіпорын, өнім немесе инвестиция заңмен толық қорғалады.

Сондай-ақ егер салық органы шотты негізсіз бұғаттаса, кәсіпкер сот арқылы шешімді жойдырып қана қоймай, шығынды мемлекеттен өтете алады. Бұл өзгерістердің негізінде үш басты құндылық жатыр: Қорғаныс, сенім және әділдік, – деді ол.
Материалды әзірлеген Аяулым СОВЕТ
