Ресми

Құндылықтардың қайнар көзі

Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамын тойлаудың жаңа тұжырымдамасы әзірленді. Құндылықтардың қайнар көзі ретіндегі бұл мерекені жаңаша тойлаудағы басты мақсат – елімізде бейбітшілік пен келісімді нығайту, ортақ мәдени-рухани құндылықтар мен жалпыұлттық сананы қалыптастыру. Наурыз он күн тойланады. Осы арқылы біз мәдениетімізді жаңаша дамытып, мерекені тойлаудың жаңа мән-мағынасын аша түспекпіз. Ал, Наурыз мейрамының тамыры тереңде. Оның жаңаша мән-мағынасын аша отырып, осыған дейінгі жиналған құндылықтарымызды дәріптейміз, өскелең ұрпаққа бере алатын еңбектің мәнін, еңбек адамын көрсетеміз.

Сурет: crct.kz сайтынан

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» атты үшінші отырысында сөйлеген сөзінде осы туралы айтты. «Аға буын жас ұрпаққа жол нұсқап, бағыт-бағдар беруі керек. Елімізде көзі ашық, көкірегі ояу, ойы ұшқыр, білімді жастар көп» деген Мемлекет басшысы олардың бойына асыл қасиеттерді сіңіруіміз қажет дегенді де айтты.

Кез келген адамның пікірі, еңбегі, шығармашылық және зияткерлік өніміне деген құрмет болуы керек. Ал, осының барлығы – бірліктің негізі болмақ. Бірлік өркениетті әрі бейбіт елде тәрбиелеу үшін керек. Жас ұрпақ – біздің болашағымыз. Ол дегеніміз – түрлі мамандықтар, дағдылар, түрлі инновациялар, зияткерлік және тағы басқалары.

Осы орайда Наурызды тойлаудың әр күні болашаққа жол болмақ.

Вилен МОЛОТОВ-ЛУЧАНСКИЙ,
облыстық ҚХА ғылыми-сараптамалық тобының жетекшісі.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button