Өндірісте өсім бар

     Сейсенбі күні облыс әкімінің бірінші орынбасары Асылбек ДҮЙСЕБАЕВТЫҢ төрағалығымен биылғы қаңтардағы облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы мен экономикалық өсім көрсеткіштеріне қатысты жиын өтті.

Жиынға облыстық басқармалардың, статистика департаментінің басшылары, сонымен бірге, селектор режимінде қала және аудан әкімдері қатысты.

Жыл басы облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштерінде тың серпін, оң өзгерістер барын айқындады. Нәтижесінде, өнеркәсіп өндірісінің көлемі қаңтарда 5,6%-ды (159,9 млрд. теңге) құрады. Қарағанды облысы – өнеркәсіп өнімінің физикалық индексі бойынша республика көлемінде төртінші орынға тұрақтаған.

Өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда жұмыс жасап жатқан шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері 0,4%-ға артып, 86,1 бірлікке жетті.

Жыл басынан бері негізгі капиталға инвестиция көлемін ұлғайту 43,4%-ға қамтамасыз етіліп, өткен жылмен салыстырғанда 10,3 млрд. теңгені межеледі.

Құрылыс секторы туралы айтатын болсақ, жыл басынан бері облыста 1,9 млрд. теңгенің құрылыс жұмысы қолға алынды.

Қаржы саласында да оң өзгеріс бар. Жергілікті бюджеттің кіріс жоспарының көлемі 174%-ға орындалды.

Жиын соңында Асылбек Дүйсебаев облыстың әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерін алдағы кезеңде де қамтамасыз ету қажеттігін айтып, экономикалық өсім бойынша жоспарлы міндеттемелерді сапалы әрі нақты жүзеге асыруды тапсырды.

Рауан ҚАБИДОЛДИН

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.