Үндеуге – үн қосу

Жақында «Теміржолшылар» мәдениет сарайының ұжымына Елбасының «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» үндеуін насихаттау мақсатында талқылау өткізілді.
Іс-шара барысында мәдениет ошағының әдіскері И.Степанова Елбасының бес әлеуметтік бастамасын атап өтіп, оның әр қазақстандықтың әлеуметтік-экономикалық әл-ауқатын нығайтуға мүмкіндік беретінін жеткізді.
Талқылауда барлық қатысушылар Президенттің бес әлеуметтік бастамасындағы негізгі бағыттар бойынша жүргізілетін жұмыстарды жүзеге асырылуы аймағымызға және елімізге үлкен септігін тигізері сөзсіз екендігіне тоқталды. Бұл бастамалар қарапайым халық үшін аса маңызды. Сондай-ақ, бұл бастамалар қазақстандық қоғамды одан әрі әлеуметтік-экономикалық дамытудың қуатты жетекшісіне айналады деп сенім білдірді.

Өз тілшімізден.

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.