Жаңалықтар

Үндестік бар

«Абайдың осы бір көсем де көшелі пікірі үнді халқының көне жәдігері «Бес бәйітте» (яғни «Панчатантрада») былайша тұп-тура айтылған: «Опасызға көрсеткен құрмет, жаманға еткен жақсылық, санасызға берген тәрбие, сенімсізге айтқан сыр – осының бәрі босқа кеткен пайдасыз еңбек. Жемісі ащы ағашқа бал жақсаң да, май жақсаң да жемісі ащы күйінде қалмақ. Жақсы адаммен дос болсаң, жақсылыққа кезігесің, ал парықсызбен достасу пәлеге ұшыратпақ. Бұл жағдай жел тәрізді – сасық заттың үстінен өткен жел сасық иісті таратып мүңкітеді, хош иістің үстінен өткен жел, оны өзімен бірге ілестіреді». Расында, қоғам жетесіздерден, білгішсінгендерден, ішмерездерден, суайттардан, бұзық пиғылды керауыз арамзалардан, көлденең көк аттылардан ада болса, сәулеттенер еді-ау! Абайдың поэзиялық пайымдаулары – өмір тәжірибесі мен ойланудан туған мейлінше мағыналы қағидаттар».

Серік НЕГИМОВ, филология ғылымдарының докторы, профессор.

Басқа материалдар

Back to top button