АймақНұра

Құндақтаулы егіздерін көтеріп барды

Нұралықтар да сайлауға белсенді қатысуда. Құндақтаулы баласын қалдыратын жер таппай, сайлау учаскесіне көтеріп барғандар да бар. Мәселен, №637 сайлау учаскесіне ерлі-зайыпты Есет Макуов пен Қанағат Шараф егіз сәбиін құшақтап барды.

Сурет: автордан

– Ел өміріндегі тарихи сәттен қалыс қалғанды жөн көрмедік. Келіншегімді үйде қалдырып, өзім ғана дауыс беруіме болатын еді. Алайда, әр дауыс маңызды деп білемін. Сондықтан, бөпелерімізді көтеріп, қатар келдік. Әркім белсенділік танытып, өз таңдауын жасаса, жаңа қоғам қалыптасатын күн жақындай түсер еді, – дейді Есет Макуов.

«Көңіл көңілден су ішеді» дейді. Нұралықтар сайлау күнінде бір-біріне көтеріңкі көңіл сыйлауға тырысуда. Бұл іске үлкендер де, жастар да атсалысуда. Мысалы, аудандық жастар ресурстық орталығы мен Nura аrnasy жастар тобының волонтерлері көшеде «Қазақстан» шоколадын таратты.

Айта кетейік, ауданда 34 сайлау учаскесі бар. Бұл учаскелерде 16 816 адам тіркелген. Сағат 12.00-де 35,35 пайызы дауыс беріп үлгерді. Яғни, 5944 сайлаушы таңдауын жасады.

Нұрқанат ҚАНАПИЯ,

Нұра ауданы.

Оrtalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button