Бас тақырыпБілім

Назарбаев Зияткерлік мектебіне құжат қабылдау басталды

Қарағанды қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде 2026–2027 оқу жылына 7-сыныпқа қабылдау үшін құжаттар қабылданып жатыр. Қарағанды облысындағы жалпы білім беретін мектептердің 6-сынып оқушылары 2026 жылғы 9 ақпанға дейін өтініш беріп, тегін оқытуды көздейтін «Өркен» білім беру грантына қатыса алады.

Сурет облыс әкімдігінің сайтынан

Өтініштер eGov.kz порталы арқылы немесе қағаз нұсқада НЗМ қабылдау комиссиясы арқылы қабылданады. Қабылдау уақыты – дүйсенбіден жұмаға дейін, сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін, түскі үзіліс 12:30-дан 13:30-ға дейін.

eGov.kz веб-порталы арқылы қоса тіркелетін құжаттар:

– конкурсқа қатысуға өтініш және заңды өкілдің электрондық цифрлық қолтаңбасымен (ЭЦҚ) расталған келісім;

– құжат тапсыру сәтінде шетелдік білім беру ұйымдарында білім алып жүрген талапкерлер үшін оқу сыныбы, оқу/күнтізбелік жылы және анықтаманың берілген күні көрсетілген, мемлекеттік немесе орыс тіліндегі табельдің, анықтаманың немесе өзге де ресми құжаттың түрлі түсті электрондық көшірмесі не мемлекеттік немесе орыс тіліне нотариалды куәландырылған аудармасы;

– талапкердің цифрлық түрлі түсті фотосуреті.

Қабылдау комиссиясына қағаз түрінде тапсырылатын құжаттар тізімі:

– өтініш;

– сауалнама;

– талапкердің туу туралы куәлігінің көшірмесі;

– ата-ананың немесе заңды өкілдің жеке куәлігінің көшірмесі;

– 6-сыныптың бірінші жартыжылдығына арналған табельдің мектеп мөрі мен директордың қолы қойылған көшірмесі;

– көлемі 1 МБ-тан аспайтын, өлшемі 3×4 цифрлық фотосурет (фотосуретті қабылдау комиссиясында түсіруге мүмкіндік бар);

– құжаттарды сақтауға арналған пластик жылдам түптегіш.

Кешенді тестілеу 2026 жылғы 27 және 28 наурыз күндері өтеді.

Қарағанды қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі мына мекенжайда орналасқан: Шахтёрлер даңғылы, 62.

Байланыс телефоны: (8-7212) 50-78-55.

Облыс әкімдігінің баспасөз қызметінен

Басқа материалдар

Back to top button