Ресми
Назарбаев күзде өтетін Президент сайлауына қатыса алмайды
Нұрсұлтан Назарбаев күзде өтетін президент сайлауына қатыса алмайды. Бұл туралы Stan.kz хабарлады.
Әділет вице-министрі Алма Мұқанова маусымда өткен референдумда қазақстандықтардың бірінші президенттің мүмкіндігін шектейтін түзетулер енгізуге дауыс бергенін айтты.
“Қабылданған түзетулер бірінші президентке қатарынан екі реттен артық президент болып сайлану талабы қолданылмайды деген норманы алып тастады”, – деп түсіндірді Алма Мұқанова.