«Назар аударыңыз, балалар!»
Қарағанды облысында «Назар аударыңыз, балалар!» атты жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде. Автошеруге 250-ден астам бала қатысып, 600 жадынама мен буклет таратылды.
Шара аясында «Нұра-Осакаровка-Теміртау-Қарқаралы-Ботақара-Ақсу-Аюлы-Балқаш-Приозерск» бағыты бойынша автошеру өткізілді. Бұл балалардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алуға бағытталған. Автошерудің ұзындығы 1 500 шақырымнан асты.
Автожанармай құю стансаларында, дүкендерде, қала маңындағы кафелерде жол қозғалысы қауіпсіздігі бойынша жапсырмалар желімделді.
Балалар Қарағанды облысы полиция департаменті қызметкерлерімен бірлесіп, жүргізушілермен профилактикалық әңгімелер өткізді, жол қауіпсіздігі ережесін сақтау бойынша өз суреттерін сыйға тартты.
Аудио үгіт барлық елді мекендерде маршрут бойынша жүргізілді.
Автошеруді өткізуге арнайы мақсаттағы 33 автокөлік және Қызыл Жарты Ай қоғамының өкілі жұмылдырылды.
Әдебиет БЕЛГІБАЙҰЛЫ