Бас тақырып

Наурызнама: бүгін – Шаңырақ күні

Бүгін Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесін атап өтуге арналған онкүндік белгілі бір тақырып аясында өтуде. Соның бірі бүгін, 17 наурыз – «Шаңырақ» (отбасылық құндылықтар) күні.

Сурет kazgazeta.kz

Ата-бабаларымызда «Шаңырақ көтеру» ерекше салт-дәстүр, отбасы белгісі, сондықтан да қазақ халқы жас жұбайлардың отау құрып, шаңырақ көтеруіне ерекше мән берген.

Наурыз мерекесінің жаңа тұжырымдамасы аясындағы «Шаңырақ» күні жалпыұлттық отбасылық құндылықтар мен кіршіксіз махаббат күніне айналады деуге негіз бар. «Қазақ өркениетінде» Шаңырақ» сөзі киелі мазмұнға ие.

Қазақ мәдениетінде шаңырақтың алатын орны ерекше. Шаңырақ киiз үйдiң күмбезі, әрі үй-жай, әрі тірек, әрі бақуаттылық пен қауіпсіздік және ұрпақтар сабақтастығы.

Отбасы, адалдық және махаббат – әр адамның өміріндегі ең маңызды құндылықтар. Адамның өмір жолы отбасынан басталады. Отбасы — мемлекеттің іргетасы. Отбасы – адам баласының өсіп — өнер,  қанат жайып түлеп ұшатын алтын ұясы.

Шаңырақ күні халқымыз жас ұрпақты тәрбиелеу мәдениетін көрсете отырып, олардың бойында патриотизм, адамгершілік пен еңбекқорлыққа деген құштарлықты қалыптастыруға үйретеді.

Отбасы — жеке құндылықтарды қалыптастырудың қайнар көзі, тәрбиенің бастауы, әр үйде балалар санасына ұлттық құндылықтарға деген көзқарастарды, салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды, даналық сөздерді де бойына сіңіріп өсіретін отбасы. Сондықтан болашақ ұрпақты тәрбиелеу жолында отбасыдан жалғасын табатын құндылықтар негіздерін ұмыт қалдырмай, жаңғырта түсейік, рухани болмысымызды жоғалтпайық!

Аида РАХЫМҚҰЛОВА

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button