Руханият

Наурыз-тілек

Сурет: otyrar.kz сайтынан

Құтты болсын жыл басы – Наурыз тойы,
Арқаның бусанды ғой қыр мен ойы.
Жер-Ана ақ көрпесін сілкіп тастар,
Мұндайда сергиді ғой адам бойы.

Сағынған көптен бері келді көктем,
Өткен жылға жамағат жоқ па өкпең?
Көп жақсылық, кемшілік куәсі едік,
Ақталар адал еңбек, терің төккен.

Тыныштық боп, ел мен жер аман болсын,
Қыдыр дарып, әр үйге бақыт қонсын!
Мерекелі-берекелі заман болып,
Әр үйдің дастарқаны аққа толсын!

Аман болсын жас ұрпақ жастарымыз,
Адал болып жақсы өмірге бастарымыз.
Игілігін жер байлықтың халық көріп,
Жоқ болсын, көре алмаған қастарымыз.

Көк байрақ аспан көкте желбіресін,
Жұрт жүрегі қуаныштан елжіресін.
Ән ұран жер мен көкті араласын,
Елімізге еш жамандық жоламасын!

Қарағанды, сен екінші Астанам,
Шаршап жүрсем, жайлы қоныс баспанам.
Гүлдене бер, жайқала бер, көркейіп,
Жырға қосам, әнге қосам, тастаман.

Әли ТІЛЕМІС,
тыл ардагері

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button